Меню KDT
Список пуст

школа-гимназия №5
  • kz
  • ru
  • en
  • введите текст

         Мұражай - туған еліміздің асыл қазынасы. Ол оқушыларды, жалпы жұртшылықты өлкеміздің шежіресімен таныстыра отырып оны қастерлеуге тәрбиелейді. Мұрағаттарды қорғау мен жинақтау аясында жас ұрпақты Отан сүйгіштікке тәрбиелеу ісі жатыр.

         Ал бүгінгі күні бала санасына әсерін қалдыратын мұражайлар көп. Төл тарихтың терең түкпіріндегі жиналған бағалы құндылықтар жарыққа шығып, зерттеліп- зерделеніп мұражайлардан орын алып, халық игілігіне айналуда. Қазіргі кезде бірқатар мектептердің өз музейлері бар. Музейлер оқушылардың оқу-тәрбие жұмысына сәйкесті мұғалімдердің жетекшілігімен жүргізіледі. Мектеп мұражайының өзіндік ерекшелігі оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, олардың санасына адамгершілік, еңбек, патриоттық, эстетикалық дағдыларды қалыптастыруына ықпал жасайды.

    Жақсы мұражай мектептегі дара тұлға, сол мектепте өзінің жағымды микроклиматын қалыптастырады. Басқа мұражайлардың қалыптасуы сияқты, мектеп мұражайының негізгі белгісі заттарды, материалдарды жинау, қажет болған жағдайда айырбастау. Әдетте біздер тәжірибеден көріп жүргендей мұражай экспонаттарының көшірмелері, көрнекті үгіт материалдары, таблица, түрлі сызбалар қойылған бөлмелер, бұрыштарды мұражай дейміз. Әрине оқу-тәрбие процесінде бұл экспозициялардың елеулі орын алатынына сөз жоқ.

        2004 жылы Макаров мектебінің мұражайы құрылған. Бұл мұражайда   ХVІІ-ХІХ ғасыр жәдігерлері мен фотосуреттер, Ұлы Отан соғысы кезінен бері сақталған экспонаттар, т.б. мұражайдан көрініс табады. Мектеп мұражайы жұмысының табысты болуы мұражайға жауапты адамның мұражай ісіне мамандануына педогогикалық шеберлігіне байланысты. Макаров мектебінің мұражай жетекшісі Ольга Михайловна Осипова -  жоғары санатты мұғалім осы бағытта көп еңбек етуде.

      Осы баяндамам мұражай құндылықтарынан Ұлы Отан соғысынан бергі сақталған экспонаттар туралы болмақ. Бір қызығы бұл экспонаттарды ауыл тұрғындары сыйлаған.

     

         Жоғарыда көрсетілген «Правда» газеті 1945 жылы 10 мамыр күні Ұлы жеңіс мерекесіне орай шығарылған. 20000 данадан 1 данасы біздің мұрадайда сақталған. Бұл газетті Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне мадақтамалармен  бірге берілген. Сол кездегі жеңіспен оралған командирлер мен солдаттардың нағыз ерлігін дәлелдейтін бірден – бір құрал.

       Бұл белбеудің тарихы бұрынғы әскери көріністі еске түсіреді. 1946 жылы фронтавик Федулеев Павел Яковлевич Отанға аман – есен оралады. Көп жылдар бойы бұл белбеуді көзіндей сақтаған. Ол кісі дүниеден озғаннан кейін, баласы ұзақ жылдар бойы қолданған екен. Осы күнге дейін өз күйін бермеген бұл белбеуді атадан қалған мұра деп айта аламын. Себебі бұл экспонатты мектеп мұғалімі Горелова Елена Анатольевна, яғни Федулеев Павел Яковлевичтің  немересі әкеліп тапсырған екен.

     

         Бұл - күрес  қанжары. Бір қызығы, бұл қанжардың да иесі - Гореловтар отбасы. 2008 жылы  Макаров елді мекенінің бағында  жер қазып жүргенде ұлы Горелов Роман тауып алған. Мұражайда  сақтауды жөн көріп, әкеліп тапсырған. Өлкетану зерттеушілеріне сенсек, бұл қанжар азаматтық соғыс кезінде Кавказда жасалған. Зерттеу жұмысын Трегубов Анатолий және Курлапов Александр жүргізген.

          Саналы да ақыл парасаты мол ұлтжанды, рухы биік мәдени-ғылыми өрісі кең ұрпақ тәрбиелегіміз келсе, данышпан бабаларымыздың өсиет-өнегесін, ақыл-ойын тәжірибесін пайдалануымыз керек. Мектеп мұражайы осы бағытта тәрбиенің басты құралдарының бірі болып табылады. Мектеп музейінде негізінен Ұлы Отан  соғысы тарихынан материалдар көп  жиналған. Әлі де көптеген сыры ашылмаған құндылықтар көп әрине. Ол болашақтың еншісінде деп білемін.

       Қорыта келгенде, «Мәдени мұра» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, ҚР Президентінің Жолдауын орындауда мектеп мұражайы -  ел болашағы жастарға берер тәлім- тәрбиесі мол білім мен тәрбиенің орталығы.

     

     

     

    Послание
    Президента

    nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1 nazarbayev.jpg?_=1

    Прогноз погоды

    В чем, на Ваш взгляд, заключается готовность ребёнка к школе?

    Голосовать

    Полезные ссылки